- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Биылғы жылы алғаш рет жергілікті бюджет есебінен жоғары білімді мамандарды даярлау үшін мемлекеттік тапсырыс жасалды. 67 бюджетік орын үш ЖОО базасында орналастырылады, солардың бірі ШҚМУ.
Ағымдағы жылдың 5 тамызынан бастап байқауға қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталды және тамыздың 10-на дейін жалғасатын болады.
400 білім беру гранты аймақтың еңбек нарығының сұранысына байланысты мамандықтарға бөлінеді деп жоспарлануда.
Шығыс Қазақстан облысында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде аймақтық оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және мектеп түлектеріне жоғары оқуды қолжетімді етуге бағытталған «Білікті маман» жобасы жүзеге асырылуа.
– Өткен жылда Шығыс Қазақстан облысынан шетелге оқуға 890 түлек аттанса, оның 90 пайызы Ресей ЖОО-ларына оқуға түсті. Жергілікті бюжет есебінен гранттар бөлу арқылы, осы жағдайды түзетеміз деген ойдамыз, - деді ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.
Баспасөз қызметі