- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасымен бірлесе отырып Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының Ашық есіктер күніне ШҚМУ-дың соңғы курсының студенттері қатысты.
Іс-шараға Жастар ресурстық орталығының өкілдері, әкімдіктер, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, білім бөлімдері мен Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Ұлан, Шемонаиха аудандары мен Риддер қаласының мектеп директорлары қатысты.
Ашық есіктер күні аясында бос жұмыс орындары Жәрмеңкесі ұйымдастырылды, онда студеттерге «бірінші қолдан» бос жұмыс орындары, жұмысқа орналасу шарттары мен талаптары, сондай-ақ әлеуметтік кепілдіктер беру туралы бірегей мүмкіндік берілді.
Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының өкілдері аудандардағы педагогикалық кадрлардың жетіспеушілігін және С.Аманжолов атындағы ШҚМУ түлектеріне жұмысқа орналасуға көмек көрсетуді қалайтындықтарын атап өтті.
Әдістемелік жұмыс, іс-тәжірибе