Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚО Катон-Қарағай ауданындағы далалық экспедиция

«Материалдарды жылдам идентификациялау үшін қымбат емес «KazRAM» Раман-спектрометрін әзірлеу»  жобасы аясында ШҚМУ далалық экспедициясы Катон-Қарағай ауданында іс-сапарда болды.

«Ньютон - әль-Фараби» серіктестік бағдарламасы бойынша «Материалдарды жылдам идентификациялау үшін қымбат емес “KazRAM” Раман-спектрометрін әзірлеу»  жобасы аясында жоспарланған далалық зерттеулер жүргізу үшін жоба үйлестірушісі, стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, б.ғ.д. А.Б.Мырзагалиева және жоба орындаушылары Б.З.Медеубаева, А.Сейткан, А.Е.Оразов, Т.Хасен, А.А.Айткурманова 2017 жылдың 12 тамызы мен 10 қыркүйегі аралығында ШҚО Катон-Қарағай ауданында болды.

Экспедиция мақсаты биологиялық белсенді заттарды Раман-спектроскопия әдісімен идентификациялауды зерттеу үшін өсімдік шикізатын жинау болып табылады.

Экспедициялық зерттеу маршруты Нарын, Сарымсақты, Оңтүстік Алтай жоталарын қамтыды.

Нағыз далалық экспедиция форматында өткен бұл іс-сапар барысында қатысушылар үш мың километрден астам жол жүрді, жоба орындаушылары зертханалық зерттеулер үшін дәрілік өсімдіктердің 8 түрінің шикізатын жинады. Фитохимиялық зерттеулер үшін өсімдіктік нысандарды шаю, кептіру және ұнтақтау сынды шикізатты камералық өңдеу жүргізілді.

Жоба орындаушылары   

Қазақ
× You found a Typo