Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚО әкімі: Қасиетті орындар картасы нысандарының тізімі ЖОО ғалымдарымен бірлесе әзірленуде

ШҚО-да археологиялық ғылыми-зерттеулердің екінші кезеңі басталады.

Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов Үкімет отырысында айтты.

-Ауқымды зерттеулер Шығыс Қазақстанның бірден бірнеше жерінде жүргізілуде. Бұл жұмыстарға шетелдік археологтар тартылған. Өткен жылдардағы қазба жұмыстарының нәтижесінде Қаситетті орындар картасына бірнеше нысан енді, – деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, аталмыш Картаны құруға С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғалымдары да атсалысуда.

– «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында ЖОО ғалымдарымен бірге біз Картаға енетін нысандар тізімін әзірлеп жатырмыз. Сол нысандардың ғылыми, тарихи және археологиялық негіздемелерін жасаудамыз. Бұл жұмыстар төрт айдың ішінде бітеді, –деді Даниал Ахметов.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo