Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚО әкімінің білім беру гранттарының 400 иесі белгілі болды

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің грантына талапкерлерден 921 өтініш келіп түсті. Көбі С. Аманжолов атындағы ШҚМУ қабылдау комиссиясына келіп түскен – 363, Шәкәрім атындағы СМУ – 306, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ -153.

Өткен жылдан бастап Шығыс Қазақстанда президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Білікті маман» жобасы қолға алынып, жоғары білімді қол жетімді ету үшін сәтті жүзеге асырылуда.

2018 жылы облыстық бюджеттен 467 бюджеттік орын бөлінсе, оның 400-і білім беру гранттары, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп, және 67 орын мемлекеттік тапсырыс бойынша.

Арнайы комиссия еңбек нарығын сараптау қорытындысы бойынша, 1304 орынға жоғары білімі бар маман қажет екендігі анықталды. Оның ішінде техникалық мамандықтар – 424, педагогикалық -423, денсаулық сақтау  325, ветеринария – 28, ауылшаруашылы – 10 және т.б.

Облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың төрағалығымен өткен білім беру гранттарын табыстау және мемлекеттік тапсырыс бойынша облыстық байқау комиссиясының кезекті отырысында, 400 грант иегерлерінің және 46 мемлекеттік тапсырыс иелері белгілі болды.

Білім беру гранттары мен мемлекеттік тапсырыс иелерінің тізімі жақын уақытта Шығыс Қазақстан облысы әкімінің ресми ресурсында және ШҚО білім беру басқармасының сайтында орналастырылады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo