- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Кәсіпкерлер палатасы өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.
Оған ШҚМУ ректорының м.а. И.В. Ровнякова және Кәсіпкерлер палатасының директоры И.В. Шацкий қол қойды.
Ынтымақтастық бағыттары – бірлескен ғылыми-практикалық конференциялар, өзекті тақырыптар бойынша әлеуметтік іс-шаралар өткізу, танысу, оқу, өндірістік, дипломалды іс-тәжірибелерді өткізу, түлектерді еңбекпен қамтуға септесу және т.б.
Сондай-ақ, палата бизнес-тренерлерді семинарлар өткізу, бизнеске үйрету үшін тартатын болады, жастарға кәсіпкерлікті дамыту, бизнес-жоспар, стартап-жоба жасау бойынша кеңес алуға септеседі.
Баспасөз қызметі