- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
«Назарбаевтану» ҒБО-да ШҚО Кәсіпкерлер палатасының 10-шы аумақтық кеңесінің отырысы өтті.
Мерейтойлы кеңес барысында «Бизнестің жол картасы-2030» бағдарламасы бойынша субсидияландыру мәселелері қаралды. Аталған бағдарламаны жүзеге асырғалы бері ШҚО-да жалпы құны 134 млрд. Теңгеге 976 жоба қаржыландырылды.
Аумақтық кеңес мүшелерінің ойынша, «Бизнесті қолдау және дамыту» бағдарламасының жобасында стартаптарды, инвест жобаларды қаржыландыру мәселесі әлі құрылу үстінде.
– Біз жас кәсіпкерлер үшін жеке гранттар беруді сақтап қалу үшін қолымыздан келгенше тырысудамыз. Бүгінде бизнесті бастау үшін кепілдікке қоятын мүлкің болуы қажет. Ал, жастарда ол жоқ. Қолдау болмаса, стартап-жобалар да болмайды, - дейді ШҚО бойынша Кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий.