Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚО мектеп мұғалімдеріне және балабақша педагогтарына біліктілікті арттыру курстары өтуде

30 қазаны мен 4 қарашасы аралығында Біліктілікті бекіту орталығында облысымыздың мектеп мұғалімдеріне және балабақша педагогтарына біліктілікті арттыру курстары өтуде. Бағдарламалардың мақсаты – педагогтардың кәсіби білімдерін, дағдыларын жетілдіру болып табылады.

Курс барысында тыңдаушылар үлкен қызығушылық танытып, мектеп пен балабақшаларға арналған оқу материалдарының практикалық маңыздылығын атап өтті.

Педагогтар «Бастауыш мектептің жаңа білім беру бағдарламаларына көшу мәселелері», «Жалпы орта білім беру мазмұнын жаңарту барысында мектепке дейінгі дайындық сатысында функционалдық сауаттылық дағдыларын қалыптастыруға дайындау», «Биология пәнінен оқушылардың білім сапасын арттыру үшін жобалау және зерттеу қызметін ұйымдастыру», «Орыс тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесінің дамуындағы өзекті тенденциялар», «Мектепте дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыру формаларын енгізудің инновациялық тәсілдері», «Мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін психологиялық жұмыста қолданылатын психотехнологиялардың ерекшелігі», «Жеткіншек және жасөспірім жастағы балалармен жүргізілетін жұмыстың психологиялық аспектілері», «География пәнін оқытудың заманауи мәселелері», «Химияны оқыту әдістемесі мен зертханалық жұмысты ұйымдастыру» бағдарламалары бойынша шеберліктерін шыңдауда.

Аталмыш курстарды педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының доценті, п.ғ.к. Бенеш Н.И., педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Раченкова Г.М., педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Грибанова Т.В., биология кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.к Китапбаева А.А., қазақ, орыс филилогиясы және журналистика кафедрасының аға оқытушысы Будникова Н.Н., дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры, п.ғ.д. Русанов В.П., психология және коррекциялық педагогика кафедрасының аға оқытушысы Қасымбекова Г.К., экология және география кафедрасының профессоры, г.ғ.д. Егорина А.В., химия кафедрасының аға оқытушысы Мукажанова Ж.Б. жүргізуде.

Осы орайда тыңдаушылар былай дейді: «Біліктілікті бекіту орталығында бастауыш сынып мұғалімдерінің курстарында өзекті ақпараттарды алдық, бізге қызықты болды. Лекторлар қажетті ақпаратты берудің әртүрлі әдістерін қолданды. Сабақ барысында слайдтарды пайдаланып, практикалық тапсырмалар мен әдістемелік әдебиеттерді ұсынды».

Біліктілікті бекіту орталығы

Қазақ
× You found a Typo