Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚО мектептерінде жаңа пәнді оқыту басталды

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасымен Өскемен қаласының екі мектебінде пилоттық жоба шеңберінде «Қазақстан халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» атты жана пәнді оқыту басталды. Егер пән тиімділігін көрсетсе, онда осындай факультатив республикамыздың барлық оқу орындарында оқытылатын болады.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын және қылмыспен күрес бойынша Бас прокуратура жүзеге асыратын превентивтік шаралар саясатын басшылыққа алып, Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы мектептерде жаңа оқу-әдістемелік құрал әзірледі. Бастаманы аумақ әкімдігі мен білім беру Министрлігі қолдады. 2017 жылдың 20 қаңтарында Өскемен қаласының №17 және №43 орта мектептерінде ШҚО прокуратурасы мен білім беру басқармасының бірлескен жобасының тұсаукесері өтеді. Осы оқу орындарында арнайы факультатив шеңберінде «Қазақстан халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» атты жана пән оқытылады. Бастапқыда, жобаға тек бесінші сынып оқушылары қатысады, кейіннен, пәнді бесінші-сегізінші сыныптарда оқыту жоспарланады. Жылдың ішінде тәжірибе облыстың 9 мектебінде өткізіледі (Өскемен, Семей қ.қ., Глубоке және Ұлан ауданрдарында). Осы жаңа пәнді енгізу идеясын облыс прокуроры Бағбан Таимбетов ұсынды. - Біз қылмыстылықпен, заң бұзушылықтармен күреске аса мән береміз, қандай да бір құқық бұзушылықтарды бастапқы кезеңдерде алдын алу тиімді,- деп түсіндірді Шығыс Қазақстан облысының прокуроры.

– Әлемде және Қазақстанда болып жатқан оқиғалар көбінесе жастардың экстремизм идеяларына елігушілік, басқа ұлттардың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, өмірдің қағидаларын білмеуінен немесе түсінбеуі салдарынан болып жатады. Сондықтан да, мектеп жасынан бастап балаларға әрбір этностардың, діндердің, әртүрлі мәдениеттің ерекшеліктерін түсіндіру қажет, балаларды түсіністікке, шыдамдылыққа баулу қажет. Салт-дәстүрлер ежелден бері ата-бабаларымыз үшін құқық көзі болып табылатын. Сондықтан, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтау исламның радикалды нысандарының халқымыздың сол кездегі қалыпты өміріне енуіне мүмкіндік туғызбады. Шығыс Қазақстан облысы және Астана қаласының мамандары осы пән бойынша оқу-әдістемелік құралды әзірледі. «Қазақстан халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» атты пәнді оқыту шеңберінде оқушыларға отбасы құндылықтарын, тәрбие, жүріс-тұрыс ерекшеліктері, әдет-ғұрыптары, әдеп, және әртүрлі ұлттардың құндылықтары туралы оқытады. Әсіресе, діни ғұрыптарға, олардың мемлекеттік құрылыс пен заң нормаларымен үйлестірілуіне де аса көңіл бөлінетін болады.

Оқу курс ғылым және білім беру Министрлігі келісімдеп, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі жобаны қаржыландырды. «Қазақстан халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» атты оқулық әзірге жоқ, педагогтар әдістемелік құрал бойынша ғана сабақ беретін болады. Оқушылардың кестесінде пән болмайды – ол сынып сағаттары кезінде аптасына екі рет факультативтік сабақ ретінде қалады. Оқу жылының соңында тәжірибе жүргізілген сыныптардың оқушылары емтихан тапсырады. Тәжірибе нәтижелері «Қазақстан халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» пәнін енгізуге жөнінде қорытынды жасалады.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Қазақ
× You found a Typo