6-сәуірде ШҚО ішкі саясат басқармасының Жастар ресурстық орталығы облыс орта мектептерінің, колледждерінің оқушылары, түлектері мен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың онлайн-кездесуін өткізді.
Тікелей эфир барысында талапкерлер мемлекеттік грантқа түсудің өту балдары, ШҚМУ-дың және Жоғары колледждің білім беру бағдарламалары, құжаттарды тапсыру шарттары мен мерзімдері, университет ұсынған оқу жеңілдіктері туралы барлық сұрақтарына жауап алды.
Маркетинг орталығы ШҚО-ның әр аудан-қаласымен жеке кәсіптік бағдар беру вебинарларын өткізуді көздеп отыр.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы