С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да апта сайын университет ректоры М.Ә. Төлегеннің облыс қалалары мен аудандарының мектеп және колледж түлектерімен және олардың ата-аналарымен онлайн-кездесулері өтіп тұрады.
ZOOM бағдарламасы мен университет Инстаграмы базасында өтетін ректордың облыс қалалары мен аудандарының мектеп түлектерімен және олардың ата-аналармен онлайн-кездесулеріне қазірдің өзінде Алтай қаласынан, Ұлан, Тарбағатай және Зайсан аудандарынан 12 мыңнан астам адам қатысып үлгерді.
Сонымен қатар, онлайн ата-аналар сағаты өткізіліп, оған 400-ден астам адам қатысты.
Онлайн-кездесулер жалғасуда.
Баспасөз қызметі