Іс-шара Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті мен С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандумның арқасында мүмкін болды.
Осы меморандум аясында ішкі істер органдарының Жоғары колледждің «құқықтану» мамандығының студенттерімен дуальді оқыту бойынша жұмысы жалғасуда.
Мәселен, ШҚО ПД тергеу басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Айдос Оралұлы Оспанов және ШҚО ПД анықтау басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қазбек Мұхтарұлы Тақжанов ZOOM платформасы арқылы «Кісі өлтірудің криминологиялық сипаттамасы» және «Жол-көлік оқиғаларының фактілері бойынша оқиға орнын қарау ерекшеліктері» тақырыптарында онлайн-дәрістер өткізді.
Онлайн-дәрістерге қатысқан Жоғары колледж студенттері мен оқытушылары ұсынылған ақпараттың практикалық маңыздылығын атап өтті.
Ынтымақтастық үшін Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментіне алғысымызды білдіреміз!
Жоғары колледж