Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚО Полиция департаменті мен ШҚМУ ынтымақтастық меморандумын жасасты

ШҚО Полиция департаменті мен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ арасында ішкі істер органдарына мамандар даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Құжатқа ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Е. Закимов пен ШҚМУ СД және ҒЖ жөніндегі проректоры И. Ровнякова қол қойды.

Меморандумға сай тараптар ғылым-білім саласында әріптестік орнатады, білім және ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен жобаларын іске асырады, білімгерлерді кәсіби бағдарлау жүйесін дамытады.

Сондай-ақ, ШҚМУ студенттері мен жас мамандарына ІІМ оқу орындары мен бөлімшелеріне кәсіби бағдар беру экскурсияларын өткізу, ЖОО түлектері арасында ІІМ ұйымдарының бастапқы курстарына іріктеу жүргізу көзделуде.

ШҚМУ түлектеріне ІІМ оқу орындарында дайындықтан өту кезінде және оларды жұмыспен қамтуда кураторлық ұйымдастыру қарастырылады.

Мұнымен қоса, тараптар оқу-ғылыми әдебиеттермен, материалдармен, жарияланымдармен алмасуды, конференциялар, семинарлар, тағылымдамалар өткізуді жоспарлап отыр.

Меморандумның белгілі бір шектік мерзімі жоқ.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo