1 наурыз – Криминалист күніне орай С. Аманжолов атындағы ШҚУ ШҚО ПД криминалистік полигонымен бірлесіп, «Құқықтану» мамандығының 2 және 3 курс студенттері үшін «Оқиға орнын тексеру», «Дактилоскопия» шеберлік сыныбын ұйымдастырды.
Мастер-классты Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасы ұйымдастырып, өткізді (кафедра меңгерушісі – з.ғ.к. А.С. Рамазанова, аға оқытушы, құқықтану магистрі К.К. Нұрмұхамбетова, ЖОО криминалистикалық орталығының меңгерушісі Е.Е. Молдаханова).
Полиция департаментінен мастер-классқа ШҚО ПД ОКБ бастығы, полиция полковнигі А.А. Курилов, аға криминалист Н.М. Кушанова, бөлім бастығы П.А. Алябьев, криминалист Б.С. Қабдуәлиев қатысты.
"Құқықтану" мамандығының 3 курс студенттері "Оқиға орнын тексеру" шеберлік сабағын қылмыстарды ашу кезінде ерекше маңызды болып табылатын іс-шараларды өткізу ережелеріне сәйкес өз бетінше өткізді.
Оқу сабағын өткізу барысында криминалист-практиктер қылмыс жасалған жерден іздерді анықтау және болашақ сараптамалар жүргізу үшін қосымша эксперименттердің әртүрлі түрлерін көрсетті.
Сондай-ақ, ШҚО ПД қызметкерлері жаңа технологиялардың көмегімен қылмыстарды ашудың бірегейлігін атап өтіп, нақты тергеу тәжірибесіндегі жағдайларды айтты.
ШҚО полиция департаментінің барлық криминалист-қызметкерлері мен кафедра оқытушыларын студенттер кәсіби мерекелерімен құттықтап, қызықты мастер-класс үшін алғыстарын білдірді, ал ШҚО ПД қызметкерлері өз кезегінде студенттердің жоғары білімін атап өтіп, студенттердің болашақта құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатарын толықтыруын тіледі!
Баспасөз қызметі