Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚО Полиция департаменті жанындағы консультативтік-кеңесші органның төрағасы болып ШҚУ ғалымы Қ. Рахымбердин сайланды

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының доценті, заң ғылымдарының докторы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Қ.Қ.Рахымбердин ШҚО Полиция департаменті жанындағы консультативтік-кеңесші органның төрағасы болып сайланды.

Жуырда Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті жанындағы консультативтік-кеңесші органның алғашқы отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібіне шығарылған үш мәселені қарау шеңберінде ККО құрамы мен жұмыс жоспары бекітілді, сондай-ақ органның төрағасы сайланды. Отырысқа қатысушылар Қуат Рахымбердиннің кандидатурасын бірауыздан қолдады.

ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев жұртшылықтың қатысуы көп жағдайда полиция жұмысын "қайта жүктеуді" және халыққа қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшуді қамтамасыз ететінін атап өтті.

Консультативтік-кеңесші орган құрудың мақсаты – ішкі істер органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуде көмек көрсету, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қызметтік әдеп нормаларын бұзатын ішкі істер органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне азаматтардың өтініштерін қарау. 

ККО міндеттеріне халықтың ішкі істер органдарына сенімін арттыру, полицияны халықпен жақындастыру, құқықтық мемлекетті одан әрі нығайтуда ҮЕҰ рөлін арттыру, ішкі істер органдары қызметіне консультативтік, әдістемелік және өзге де қолдау көрсету, бірлескен іс-шараларды іске асыру бағдарламасы үшін ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау кіреді.

Сонымен қатар, орган міндеттерінің бірі – ішкі істер органдары қызметінің өзекті мәселелері туралы халықты жан-жақты және объективті ақпараттандыруға БАҚ өкілдерін тарту.

ШҚО ККО мүшелері – Полиция департаментінің, құқық қорғау ұйымдарының, бизнестің, ішкі істер органдарының ардагерлері мен БАҚ өкілдері.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo