Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚО статистика департаментінің ашық есік күні

Экономикалық және математикалық мамандықтардың студенттері ШҚО статистика департаменті өткізген ашық есік күніне қатысты.

Студенттердің назарына ҚР Статистика жөніндегі агенттігі және оның аймақтық департаменттерінің салалық және жиынтық жарияланымдарының статистикалық ақпараттарының кең көлемді тізбесі ұсынылды. Жинақтар, анықтамалар, бюллетендер, жедеқабыл-ақпараттар және т.б.

Студенттер ШҚО статистика департаментінің 2017 жылда жарияланатын статистикалық материалдарымен таныстырылды. Бұл мәліметтер сапалы дипломдық жұмыс жазуға зор пайдасы тиері анық.

Ашық есік күніне қатысушылардың ең басты білгені, ол Статистикалық ақпараттардың  барлық санатты пайдаланушыларға толықтай қолжетімділігі, және оны ШҚО статистика департаментінің www.shygys.stat.kz ресми Интернет-ресурсынан табуға болады.

Егер қажетті көрсеткіштерді іздеу барысында қиындықтар туындайтын болса, Тоқтаров көшесі 85 үйде орналасқан ШҚО статистика департаментінің статистикалық ақпараттарды пайдаланушылармен жұмыс басқармасына (206 какбинет, тел. 25-27-82) хабарласуға болады немесе «Сұрақ-жауап» айдарына сұрақтарды жазуға болады.

Математика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo