- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
28 қараша экономика және құқық факультетінде оқытушылардың, студенттердің, мекемелердің өкілдері, сонымен қатар неміс экономикасы мен халықаралық ынтымақтастық бойынша «SES» қорының эксперті, доктор Геральд Ветцельдің қатысуымен «Туған жер» жобасын іске асыру бағытында «Шығыс Қазақстан облысының туристік әлеуеті» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Аймақтық туризмнің даму мәселелері және болашағы талқыланып, қарастырылды. Неміс экономикасы мен халықаралық ынтымақтастық бойынша «SES» қорының эксперті, доктор Геральд Ветцель «Халықаралық туризмнің мәселелері мен болашағы» тақырыбына баяндама жасап, ойымен бөлісті.
«ShanishkulTur» ЖШС-нің туризм менеджері Айтказина Айгерім қонақтармен және оқытушыларымен ағылшын тілінде аймақтық туризмнің «Туған жер» жобасы аясындағы мәселелерді талқылады.
Пікірлесу нәтижесінде аймақтық туризмнің дамуын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалды.
Экономика және құқық факультеті