Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚО волонтер-студенттері «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі жұмыстарын аяқтауда

Астана қаласында өтіп жатқан «ЕХРО-2017» көрмесіне еліміздің әр аймағынан еріктілер барып, халықаралық көрменің өту барысына қолдау көрсетуде. Қазірдің өзінде Астанаға Шығыс Қазақстаннан 100 ерікті аттанған.

Өңірдегі 5 ірі ЖОО: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, ҚАЕУ, Семей мемлекеттік медициналық университеті мен Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет студенттерінің ішінен іріктеліп алынған 100 ерікті «ЕХРО – 2017» көрмесінде шетелдіктермен жұмыс жасауда. 

Ағылшын тілін жетік меңгерген студенттердің айтуынша, ағылшындықтармен тікелей жұмыс жасаған оларға өте тиімді. Олармен араласып қана қоймай, дәстүрлерімен танысып, басқа да шетелдік тілдерді үйренуде қызығушылық танытуда.

Еріктілер тобы екі мерзіммен жұмыс жасайды. Бірінші топ таңнан түскі уақытқа дейін жұмыс істесе, екінші топ түскі уақыттан кешкі уақытқа дейін қызмет көрсетеді.

Іріктеу тобына іліккен студенттер бірнеше оқу-жаттығудан өткен. Олар үшін ерікті жұмысымен таныстыратын семинарлар мен курстар өткізілсе, Семей мемлекеттік медициналық университет студенттері алғашқы медициналық көмек көрсету курстарына қатысқан. 7 тамызда аттанған студенттер Астанада көрменің ресми жабылуына дейін болмақ.

ШҚО аймақтық коммуникациялар қызметі

Қазақ
× You found a Typo