- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
11 тамыздан бастап Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарында Халықаралық жастар күніне арналған мәдени, спорттық патриоттық іс-шаралар кешені өтеді.
Аталмыш шараға облыстың 20 жастар ресурстық орталықтары қатысады.
- Жастар күні шеңберінде жастар форумдары, концерттер, спорттық шаралар, флэш-мобтар мен қайырымдылық және экологиялық акциялар, Open Air би кештері, Өскемен қаласы әкімінің жүлдесіне арналған жастар арасында футболдан турнир ұйымдастырылады, - деп хабарлады ШҚО Ақпараттық орталығында.
Статистикалық ақпараттарға сәйкес Шығыс Қазақстан облысында 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 270 мыңнан асады.