С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға академиялық ұтқырлық бойынша оқуға келген «Биология» білім беру бағдарламасының студенттері Ұжымдық пайдаланудағы ұлттық ғылыми зертханада болды.
Ішкі академиялық ұтқырлық аясында семестр бойы оқуға Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінен үш студент келді.
Эдвайзер Г. Көмекова келген студенттерді материалдық базамен және жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулермен таныстыру мақсатында Ұжымдық пайдаланудағы ұлттық ғылыми зертханаға экскурсияға апарды.
Зертханада ол серіктес ЖОО студенттерін ҰПҰҒЗ-ның негізгі ғылыми бағыттарымен және құрылымымен таныстырды.
«Биотехнология негіздері» пәнін зерттеу аясында ол биолог-студенттердің назарын өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы зертханасында жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулерге аударды.
Биология кафедрасы