Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Шәкәрім мұрасы - ұлттық қазынамыз

9 қарашада «Шәкәрім мұрасы: рухани құндылықтар мен ұлттық сананы жаңғырту» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Баршаңызға белгілі, «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұлы гуманист, кемеңгер ойшыл, қазақ әдебиетінің классигі Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл толу мерейтойы еліміз бойынша аталып өтуде.

Осы орайда 9- қараша күні С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Рухани жаңғыру орталығында «Шәкәрім мұрасы: рухани құндылықтар мен ұлттық сананы жаңғырту» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференция Өрлеу» БАҰО-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтымен екі оқу орнының ынтымақтастығы аясындағы жоспарға сай ұйымдастырылды.

Жиынға облысымызға беделді білім беру ұйымдары С.Аманжолов атындағы ШҚМУ,  Өрлеу» БАҰО-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының профессорлық оқытушылар құрамы, өзін-өзі тану және алғашқы әскери дайындық пәндері бойынша курс тыңдаушылары, аудандардан келген мұғалімдер, Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының профессор оқытушылары, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-2-3 курс студенттері қатысты.

Шара барысында Шәкәрім бабамыздың мұрасы тек әдеби жағынан емес, музыка, философия, ар ілімі, рухани-адамгершілік, дінтану ғылымдары тоғысында қарастырылып, сөз етілді.

Конференцияның модераторы «Өрлеу» БАҰО АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының Білім беру сапасы және басқару кафедрасының аға оқытушысы, жаңартылған білім мазмұны бойынша тренер,  филология ғылымдарының кандидаты Сейілхан Айгүл Қауатайқызы болды.

Конференцияда С.Аманжолов атындағы ШҚМУ қазақ, орыс филологиясы және журналистикасы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д. Картаева Айжан Маратбекқызы «Шәкәрім поэзиясындағы Ар ілімі» тақырыбында, Қазақстан-Американдық еркін университеті «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Нұрланова Әсем Нұрланқызы «Шәкәрім шығармаларындағы ұлттық рух» тақырыбында, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ қазақ, орыс филологиясы және журналистикасы кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Сейпутанова Айымгүл Қамзақызы «Шәкәрім шығармашылығының зерттелу жайы» тақырыбында баяндамалар жасады.

Шәкәрімнің әндерін С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Музыкалық білім беру кафедрасының аға оқытушысы Жумаканова Ануза Нуксынканқызы орындады.  «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері Шәкәрім өлеңдерінен үзінділер оқыды.

Сонымен қатар Шәкәрім философиясы, ар-ождан ілімін насихаттауда «Өрлеу» БАҰО АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының тренері, ф.ғ.к. Г.Зайсанбаева тренинг жүргізді.

Конференция мазмұны терең, берер тағылымы зор болды.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистикасы кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo