Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ «2020 жылдың үздік жас ғалымы» байқауын жариялады

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті «2020 жылдың үздік жас ғалымы» байқауын жариялайды.

Байқау мақсатығылыми-зерттеу жұмысымен белсенді айналысатын университет жас ғалымдарын қолдау және ынталандыру, сондай-ақ болашақ ғылыми кадрларды даярлау.

Байқауға 35 жасқа дейінгі университет оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, докторанттар мен магистранттар қатыса алады.

Байқау келесі номинациялар бойынша өтеді: «2020 жылдың жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласы бойынша үздік жас ғалымы»; « 2020 жылдың әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласы бойынша үздік жас ғалымы».

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға келесі ақшалай сыйлықтар беріледі: I орын – 100 000 теңе; II орын – 50 000 теңге; III орын – 25000 теңге.

Конкурс ережесі бойынша қажетті құжаттар 13-22 қаңтар аралығында Сарсен Аманжолов атындағы ШҚУ инновациялық даму және коммерцияландыру департаментінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінде қабылданады.

Мекенжайы: Өскемен қаласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34, №1 оқу корпусы, №243 каб., тел.: 8-7232-540-311, +7702-910-30-05.

«Жылдың үздік жас ғалымы» байқауының Ережесі

ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімі

Қазақ
× You found a Typo