Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ абайтанушылары ел Президентінің қолынан награда алды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ғылым мен абайтанудың дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдарға мемлекеттік наградаларды тапсырды.

Ел Президенті «Ерен еңбегі үшін» медалін С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті «Алтайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Айжан Маратбекқызы Қартаеваға, II дәрежелі «Достық» орденін С. Аманжолов атындағы ШҚМУ түлегі («қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы) Надежда Шушанниковаға және «Шапағат» медалін С. Аманжолов атындағы ШҚУ қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс магистранты Ғафура Толымхановаға тапсырды.  Құттықтаймыз!

Президент қатысқан Семейдегі Абайдың 175 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты іс-шараға Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының докторанты Е.В. Савчук те қатысты.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo