С.Аманжолов атындағы ШҚУ академиялық кеңесінің кезекті онлайн отырысында алты мәселе қаралды.
«Білім беру бағдарламаларын іске асыру туралы» мәселесі бойынша жобалық кеңсенің басшысы А.К. Алипова баяндама жасады.
Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің деканы, т.ғ.к. Ә.А.Өскембай «Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комиссиясының атқарған жұмысы мен қызметінің нәтижелері туралы» мәселесі бойынша баяндама жасады.
Экономика және құқық факультетінің деканы, э.ғ.к. А.Г. Мұхамедиева «Білім беру бағдарламалары рейтингтерінің көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі жоспарды іске асыру туралы» баяндама жасады.
2021-2022 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларын келісу туралы ақпаратты БББ әдістемелік қолдау бөлімінің бастығы С.С. Оразова ұсынды. Ғылыми кеңесте бекітуге 115 білім беру бағдарламасы, оның ішінде 12 жаңа бағдарлама ұсынылды.
АС және ББББ департаментінің директоры А.К. Алипова педагогикалық білім беру бағдарламалары түлектерінің Ұлттық біліктілік тестілеуіне дайындығы туралы хабардар етті.
Сонымен қатар, университеттің Академиялық кеңесінің сараптау комиссиясының төрағасы А.А. Әлімханның «ОӘӘ басылымға ұсыну туралы» ақпараты тыңдалды.
Барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.
Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қолдау бөлімі