«2021 жылы ҰБТ-ға компьютерлік форматты енгізу туралы» бұйрық жобасын түсіндіру мақсатында 3-4 желтоқсанында С. Аманжолов атындағы ШҚУ базасында Өскемен қаласының мектеп түлектерімен онлайн кездесу өтті.
Университет ректоры М.Ә. Төлеген мектеп түлектерін құттықтау сөзімен қарсы алып, тестілеуден сәтті өтулеріне ізгі тілегін білдірді.
Кездесуге қалалық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің басшысы А.З. Нұрпейісова, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті жанындағы ҚР БҒМ ҰТО филиалының директоры Д.М. Мейірғазина және университеттің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Л.Т. Байжұманова қатысты.
Талапкерлер ҰБТ-дағы жаңалықтар, 2020 жылғы өту балдары және ағымдағы оқу жылында ЖОО-ның дайындық бағыттары туралы өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы