Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ базасында әуесқой тігіншілерге арналған тегін онлайн шеберлік сыныптары өткізілуде

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің физика кафедрасы ұйымдастырған  «Тігін сырлары» үйірмесі қарқынды дамып келеді.

Үйірме «Кәсіптік оқыту, көркем еңбек және графика» мамандығының өндірістік оқыту шебері Айжан Үмбетованың бастамасымен құрылған.

Үйірме ашылғалы білім алушылар өздеріне бетперде тігіп, сонымен қатар «батик» әдісін меңгерді (батик – матаға сурет салу) және фетрден тұрмысқа қажет көптеген бұйымдар жасады.

Қараша айынан бастап үйірмеде жағымды жаңалық. Айына бір рет Instagram қосымшасы арқылы онлайн, тегін шеберлік сыныбы өткізіледі. Алғашқы шеберлік сыныбын 3 қарашада бір апталық жоспарлы, жауапкершілікті дайындықпен өткізіп те үлгерді. Онда үйдің сәнін келтіріп тұратын пердені жинағыш үйретілді. Сабаққа еліміздің түкпір-түпірінен тігінге қызығушылығы бар жандар қатысты.

Шеберлік сыныбын @Umbetova_Aizhan парақшасына тіркелу арқылы көрулеріңізге болады.

 «Тігін сырларынан» жағымды жаңалықтар күтіңіздер!                                                                                         

Физика кафедрасы,

 «Тігін сырлары» үйірмесі

Қазақ
× You found a Typo