Бүгінде С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті мамандарды 110 білім беру бағдарламасы бойынша даярлайды.
Білім беру бағдарламалары (ББ) арасында бакалавриаттың 59, магистратураның 39, докторантураның 12 ББ бар.
С. Аманжолов атындағы ШҚУ ғылыми-білім беру қызметтері сапасының дәлелі – сыртқы бағалау жүйесі. Мәселен, жоғары оқу орны Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (ББСҚТҚА) тарапынан 5 жыл мерзімге институционалдық аккредиттеуден өтті.
Сонымен қатар, 21 жаңа білім беру бағдарламасы 5 жылға бакалавриат және магистратура ББ бойынша ББСҚТҚА, Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) тарапынан мамандандырылған аккредиттеуден өтті.
Қазіргі міндет – аккредиттелмеген білім беру бағдарламаларының өзектілігін талдау.
Баспасөз қызметі