Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да 4 курс студенттері мен 30 жұмыс берушіге арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті

23 ақпанда университет пен Жоғары колледждің «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі», «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» педагогикалық мамандықтарының соңғы курс студенттеріне арналған бос орын жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Іс-шараға 30-дан астам Ұлан, Шемонаиха, Глубокое, Жарма, Күршім, Аягөз аудандарының, Риддер қаласының білім беру бөлімдерінің өкілдері, орта мектептерінің директорлары қатысты.

Бос орын жәрмеңкесінде студеттерге облыстағы бос жұмыс орындары, жұмысқа орналасу шарттары мен талаптары, сондай-ақ әлеуметтік кепілдіктер туралы ақпарат берілді.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша білім мекемелеріндегі бос жұмыс орындар тізімін студенттер №1 оқу ғимаратының №123 кабинетіне келіп немесе 8 7232 540 144 телефон номері бойынша білуге болады.

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы

Қазақ
× You found a Typo