Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да 4 курс студенттері Өскемен қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдерімен кездесті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да бітіруші курс студенттерінің Өскемен қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесу барысында студенттер Enbek.kz, Жастар тәжірибесі және «Серпін» жобасының түлектеріне әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат алды.

Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында жұмыс істеп жүрген түлектерге бір адамға 35 АЕК мөлшерінде жылжу үшін материалдық көмек көрсетіледі, бір жылдың ішінде тұрғын үйді жалдау және коммуналдық төлемдерді төлеу үшін бір адамға 20 АЕК көлемінде ай сайын қаржылай көмек көрсетіледі.

«Серпін» студенттеріне әлеуметтік қолдау шаралары туралы немесе Жастар тәжірибесі бойынша ақпаратпен танысқысы келетін студенттер №1 оқу ғимараттағы №123 кабинетіне келуге болады.

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы

Қазақ
× You found a Typo