Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да 4 курс студенттерімен ақпараттық кездесу өтті

2 қарашада С. Аманжолов атындағы ШҚУ стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Ирина Владимировна Ровнякованың қатысуымен мемлекеттік білім беру гранты және ауылдық квота бойынша 4 курста оқып жатқан студенттермен ақпараттық кездесу өтті.

Студенттер ел Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №390 Қаулысымен танысты. Оған сәйкес мемлекеттік білім гранты және ауылдық квота бойынша оқитын жас мамандар үш жыл ішінде жұмыс өтеуге міндетті.

Сонымен қатар, кездесу барысында студенттерге жұмысқа бөлу және жұмыс істеу міндеттемесінен босату туралы ережелер түсіндірілді.

Осы студенттермен WhatsApp чат құрылған, сол жерде олар Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының мамандарынан қосымша сұрақтарына жауап ала алады.

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы

Қазақ
× You found a Typo