4 науырызда С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Биология», «Химия», «География» мамандықтарының соңғы курс студенттері үшін атаулы бос орын жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Іс-шарада 20-дан астам Ұлан, Шемонаиха, Күршім аудандарының, Риддер қалаларының білім беру орталықтарының өкілдері, орта мектептерінің директорлары қатысты.
Бос орын жәрмеңкесінде студеттерге облыс бойынша бос жұмыс орындары, жұмысқа орналасу шарттары мен талаптары, сондай-ақ әлеуметтік кепілдіктер беру туралы ақпарат берілді.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша білім мекемелеріндегі бос жұмыс орындар тізімін студенттер №1 оқу ғимаратының №123 кабинетіне келіп немесе 8 7232 540-144 телефон номері бойынша білуге болады.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы