С.Аманжолов атындағы ШҚУ оқытушыларының көп жылдық оқытушылық тәжірибесі және жоғары білім деңгейі өздерінің оқу-әдістемелік басылымдарын құрастыруға себеп болуда.
Оқу-әдістемелік әдебиеттер оқу жоспарының пәндері бойынша аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстарды әдістемелік қамтамасыз ету, университеттегі білім беру процесінің сапасын жақсарту мақсатында шығарылады. Оқу-әдістемелік әдебиетті басып шығарудың перспективалық жоспарына сәйкес университет оқытушылары жыл сайын оқыту сапасын қамтамасыз ету үшін оқу және оқу-әдістемелік құралдарды әзірлейді және басып шығарады.
Бүгінде бизнес және басқару, құқық, жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша педагогтер даярлау, гуманитарлық пәндер бойынша педагогтер даярлау, тіл және әдебиет бойынша педагогтер даярлау, гуманитарлық ғылымдар, физикалық және химиялық ғылымдар, математика және статистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша кезекті оқу-әдістемелік басылымдарды қолымызға алдық.
Оқу-әдістемелік әзірлемелердің авторларына олардың қажырлы еңбегі және С. Аманжолов атындағы ШҚУ Ғылыми кітапханасының қорын елеулі толықтырғаны үшін алғысымызды білдіреміз.
Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қолдау бөлімі