Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Абай әлемі» халықаралық студенттік мәдени фестивалі өтті

22 сәуірде С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да Свече қаласындағы (Польша) Лингвистика-техникалық университетінің базасында ашылған «Абай» мәдени-білім беру орталығымен бірлесіп «Абай әлемі» халықаралық студенттік мәдени онлайн фестивалін өткізді.

Фестивальге Польша Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Селим Хазбиэвич және Қазақстан поляктар одағының төрағасы Екатерина Островская, Свече қаласы Лингвистика-техникалық университетінің ректоры, профессор Эльжбетта Штерналь, Мажарстандағы Сегед университеті алтайтану кафедрасының профессоры Раушангүл Зақанқызы Мұқышева қатысты.

 – 2019 жылы 7 ақпанда университет ректоры, профессор Эльжбетта Штернальдың, Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен ашылған "Свече" лингвистикалық-техникалық университетінің «Абай» орталығы бүгінде талантты жастар үшін зияткерлік алаң болып табылады, оның мақсаты – Польшадағы студент жастардың бойында қазақ халқының салт-дәстүрлері, Шығыс Қазақстанның тумасы, ұлы ағартушы, ақын Абайдың шығармашылығы туралы білімді тереңдету. Бүгінде Лингвистика-техникалық университетте біздің студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алуда, бірлескен іс-шаралар өткізілуде.

Құрметті пани ректор, сіздің университетіңіздің базасында поляк жастарына Абайдың еңбектерімен және философиялық мұраларымен танысуға мүмкіндік бергеніңіз үшін рақмет.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті ұжымының атынан бізге ұйымдастырған қонақжайлылықтарыңыз, достық қабылдауларыңыз үшін терең және шынайы алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер. Сіздің университет қызметкерлері көрсеткен ынтымақтастық пен ашықтықты сезіну біз үшін ерекше қуаныш болды. Біз білім беру және ғылыми қызметтің, Абай орталығын дамытудың көптеген бағыттары бойынша ынтымақтастықты жалғастыру туралы алдын ала қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға ниеттіміз.

Жас қатысушыларға табыс, Абай Құнанбаевтың шығармашылығы мен философиясында жаңа ашылулар тілеймін! – деді ректор, профессор М.Ә. Төлеген.

Фестиваль барысында Польша мен Қазақстанның екі университетінің студенттері Абайдың шығармаларын әлемнің бірнеше тілінде орындады.

Мәселен, студент Магдалена Отулак орыс тілінде, Joanna Dąbrowska-Zarembska ағылшын тілінде, Karolina Fenske-Polito неміс тілінде, Róża Kerner поляк тілінде, Dorota Wojciechowska итальян тілінде, Graśyna Zięba орыс тілінде, Яна Мумлева қазақ тілінде, Елизавета Тетерина корей тілінде, Дина Ерсін қытай тілінде, Мәдина Талғатова түрік тілінде, Бекмұратұлы Еркебұлан ағылшын тілінде оқыды.

"Музыка" білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Серік Айсұлу Абайдың әнін орындады.

Фестиваль аяқталды. Бірақ Абай әлемі – мәңгілік тақырып. Бүгінгі халықаралық фестивальді жыл сайынғы дәстүрлі іс-шара ретінде өткізу жоспарланып отыр. Ал Абай шығармаларының аудармаларының электронды нұсқасы Польшадағы Свече қаласындағы Лингвистика-техникалық университет базасында орналасқан «Абай» орталығына жіберіледі.

Баспасөз қызметі

 

Қазақ
× You found a Typo