Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Абай әлемі» жалпыұлттық онлайн-студенттік өнер фестивалінің іріктеу кезеңі өткізілді

Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында әдеби-мәдени құндылықтарымызды жаңғырту, ұлтымыздың мақтанышы,  ғұлама  ойшыл  Хәкім Абайдың өмірі мен шығармашылығын жастар арасында  кеңінен насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тікелей басшылығымен «Абай әлемі» жалпыұлттық  студенттік өнер фестивалі өткізіледі.

ШҚУ студенттері барлық 5 номинация «Абай өлеңдері»; «Абайдың  қара сөздері»; «Абай әндері»; «Абай - әлем тілдерінде»; «Абай әлемі» сурет өнерінде бойынша өтінім қалдырды.

Оқу орнымызда тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің жетекшісі Аманжолова Н.А., қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының меңгерушісі Касенов С.Т., ф.ғ.д., профессор Қартаева А.М., «Шабыт» студенттер театрының жетекшісі Хасенов Е.Ж. мүшелігімен комиссия құрылып, сайыстың екінші турына студенттер іріктеліп алынды. Фестиваль қорытындысында  әрбір байқау бойынша жеңімпаздар  І, ІІ, ІІІ жүлдері орындар, ақшалай және ынталандыру сыйлықтары қарастырылған.

Қорытынды тур 5 желтоқсанда гала-концерт форматында өткізіледі.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі

Қазақ
× You found a Typo