Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Абай шығармашылығын оқытудың үздік моделі» жалпыұлттық кәсіби байқауы өтті

Абайдың 175 жылдығы аясында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ұйымдастырyымен «Абай шығармашылығын оқытудың үздік моделі» жоғары оқу орындары оқытушыларының жалпыұлттық кәсіби байқауы өтті.  

Республикалық байқауға С.Демирел атындағы университеттен, Назарбаев университетінен, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінен, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінен, І. Жансүгіров атындығы Жетісу университетінен, Шәкәрім атындағы Семей университетінен, Торайғыров атындағы Павлодар университетінен, Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінен, «Тұран-Астана» университетінен ғалымдар, оқытушылар қатысты.

Жоғары оқу орнында Абай шығармашылығын оқытуға арналған байқау республика көлемінде алғаш рет өтіп отыр. Іс-шараның ашылу салтанатында С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры, профессор, Педагогика ғылымдары академиясының академигі Мұхтар Әділбекұлы Төлеген байқаудың мақсат-міндеттерін атап көрсетті.

Байқаудың қазылар алқасының төрағасы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Жанғара Дәдебайұлы, қазылар алқасының мүшелері – Сүлеймен Демирел атындағы университеттің профессоры, п.ғ.к. Береке Даулетханқызы Жұмақаева, Абай атындағы ҚазҰПУ С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Марат Нұрғазыұлы Бекбосынов, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің БАИ Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Жұпар Сақанқызы Құрманова, ШҚО білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығының Оқыту мазмұны және білім беру сапасының мониторингі кабинетінің меңгерушісі Гүлнара Зекенқызы Әбетаева болды.  

Байқау екі кезеңнен тұрды. 1 кезең – бейнесабақ қашықтан өткізілді. 2 кезең – модель жоба. «Абай шығармашылығын оқытудың үздік моделі» онлайн режимінде өтті. Модель жобаны қатысушылар ZOOM платформасында қорғады. ЖОО оқытушылары Абай шығармашылығын оқытудың жолдарын, әдіс-тәсілдерін, өз тәжірибелерін ортаға салды.

Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды Еуразия гуманитарлық институтының доценті, ф.ғ.к. Лаура Ноғайбекқызы Дәуренбекова, 2 орынды І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Сайлаухан Қажыбекұлы Қожағұлов, Торайғыров атындағы университетің доценті, ф.ғ.д. Бақытгүл Қасымбайқызы Қапасова, 3 орынды Назарбаев университетінің доценті, ф.ғ.к. Ермек Сабырбайқызы Адаева, «Тұран-Астана» университетінің доценті, ф.ғ.к. Гауһар Қинаятқызы Рахымбаева, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры, ф.ғ.к. Болатхан Серғазыұлы Сарбасов иеленді.  

Жүлделі орын алған қатысушыларға демеушілер арнайы жүлде тағайындады. Байқаудың демеушісі болған Абай атындағы халықаралық мәдениет пен өнерді қолдау қорына С. Аманжолов атындағы ШҚУ ұжымы атынан зор алғыс білдіреміз.

Айжан Қартаева,

«Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының

директоры

Қазақ
× You found a Typo