Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «АБАЙДЫҢ «ТОЛЫҚ АДАМ» ІЛІМІ» халықаралық онлайн-семинары өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да Шығыс Қазақстан университетінің, сондай-ақ Мажарстан мен Түркия жоғары оқу орындарының оқытушылары мен абайтанушы-ғалымдары қатысқан «АБАЙДЫҢ «ТОЛЫҚ АДАМ» ІЛІМІ» атты халықаралық онлайн-семинар өтті.

Онлайн-семинарға 145 адам – С. Аманжолов атындағы ШҚУ оқытушылары мен қызметкерлері, Шығыс Қазақстан облысының педагогтары, Мажарстан мен Түркия ғалымдары қатысты.

Халықаралық семинарға қатысушылар алдында стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор И.В. Ровнякова құттықтау сөз сөйледі.

Семинар модераторы ғалым-абайтанушы, С. Аманжолов атындағы ШҚУ «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры, ф.ғ.к. Айжан Маратбекқызы Қартаева болды. Семинар аясында А. Қартаева Абай шығармашылығына арналған өзінің оқу құралын таныстырды.

Вебинарда Түркияның  Мугла Сырткы Кочман университеті доценті, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы ғалым Екрем Аян, Венгрияның Сегед университеті Алтаистика кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Мұқышева Раушангүл Зақанқызы, Семейдегі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі директорының орынбасары Қайрамбаева Мейрамгүл Сейітжапарқызы баяндама жасады.  Вебинардың 2-ші бөлімінде «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы Картаева Айжан Маратбекқызы «Абайдың «Толық адам» ілімін оқыту» атты  оқу құралының таныстырылымын өткізіп,  баяндама жасады.  

Абай мұрасын жан-жақты насихаттау мен танымалдандыру мақсатында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті көптеген аса маңызды іс-шараларды атқарып жатыр. Атап айтсақ: 2019 жылдың 7-9 ақпанында С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры, профессор М.Ә.Төлегеннің бастамасымен Польшаның Свече қаласындағы лингвистикалық-техникалық университеті базасында «Абай»  мәдени-білім беру орталығын ашты. 2018 жылы 18 мамырда университетте «Абай» дәрісханасы ашылды. 2019 жылдың 10 тамызы күні ШҚМУ ұжымы Жидебайды «Абай еліне тағзым» атты халықаралық конференция өткізді. 2018 оқу жылынан бастап үздік студенттерге арналған «Абай» атындағы шәкіртақы тағайындалды. Білім мен ғылымға ерен еңбегі сіңген қайраткерлерге арналған «Абай» атындағы алтын медаль арнайы шығарылып, тұлғалы азаматтарға табысталу дәстүрі енгізілді.

Университет жанынан 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап «Абайтану» ғылыми-зерттеу институты жұмыс істейді. «Абайтану» ғылыми-зерттеу институты биылғы жылдың 27 сәуірінде «Абай шығармаларындағы жалпыадамзаттық құндылықтар» атты республикалық, 25 мамырда «Абай және әлемдік өркениет» атты халықаралық конференция өткізді. Сонымен қатар, ғылыми монографиялар, ғылыми еңбектер мен жинақтар, оқу-әдістемелік және жаңа технологиялық жетістіктерге негізделген танымдық құралдар даярлауда.

«Абайтану» ғылыми-зерттеу институты

Баспасөз қызметі

 

Қазақ
× You found a Typo