- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Облыс және республика мұғалімдерінің өтініші бойынша 21 қыркүйектен бастап С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Кәсіби даярлық және біліктілікті арттыру ресурстық орталығы мен «Абайтану» ғылыми-зерттеу институты мектеп, колледж мұғалімдеріне «Абайтану» пәнінен курс өткізуде.
Курсқа Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының 50-ге жуық мұғалімі қызығушылықпен қатысып отыр.
2013 жылдан бастап жалпы білім беретін мектептерге «Абайтану» пәні енгізілген болатын. Арнайы бағдарлама мен оқулықтың жоқтығы біраз уақытқа дейін мұғалімдерге қиындық туғызған еді. Абай мұрасын оқыту үшін арнайы теориялық дайындық қажет.
Курсқа қатысушылар абайтануға қатысты көптеген мәліметтер алуда. Барша мұғалімдер үшін құнды әрі маңызды бұл курс 3 қазанға дейін жалғасады.
Айжан Картаева,
«Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры