Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Адалдық – академиялық өмір нормасы» тақырыбында Адалдық мектебінің сабағы өтті

Экономика және құқық факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Парасат жолы» орталығында Адалдық мектебінің кезекті сабағы өтті. «Парасаттылық – академиялық өмір нормасы» тақырыбындағы сабақ тренинг түрінде өткізілді.

Тренингті ұйымдастырушылар – Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының оқытушылары доцент Г.Т.Байыркенова және аға оқытушы К.К. Нұрмұхамбетова.

Тренингтің мақсаты – университет студенттерінде парасатты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

Тренинг барысында студенттерге С.Аманжолов атындағы ШҚУ нормативтік актілерінде Академиялық адалдық талаптарын регламенттеу туралы ақпарат берілді, нақты мысалдарда Академиялық адалдық көріністері және құқыққа қарсы мінез-құлық үшін тәртіптік және заңды жауапкершіліктің басталуы көрсетілді, академиялық ортадағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою тәсілдері қаралды.

Тренингті ұйымдастырушылар ұсынған жаттығуларды орындау студенттердің қызығушылығын тудырды, олар оқытушы немесе ЖОО әкімшілігі тұрғысынан Академиялық адалдық мәселелерін қарастырды, яғни студенттердің адалдыққа жатпайтын әрекеттерінің мысалдарына объективті баға беруге тырысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру бойынша жастар арасында оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу үшін ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің мамандары, А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхананың "Парасат жолы" орталығының әдіскерлері, Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасының оқытушылары шақырылды.   

Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo