Парасаттылық идеологиясын насихаттау мақсатында С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «SANALY URPAQ» фронт-офисі «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп «Адалдықты мұра еткен ұлы Абай» тақырыбында бейнедәрістер циклын әзірлемек.
Естеріңізге сала кетейік, ЖОО-да «Парасатты университет» жобасы іске асырылуда, оның тұжырымдамалық өзегі – ұлы Абай мұрасына негізделген парасаттылық идеологиясы.
Жақында университетте құрылған «Абайтану» ғылыми-зерттеу институты «Парасатты университет» жобасын толыққанды іске асыруға ықпал етіп, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру міндеттерін шешуге кешенді көзқарасты қамтамасыз етеді.
«Парасатты университет» жобасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен, «Нұр Отан» партиясымен және «SANALY URPAQ» республикалық жобалық кеңсесімен серіктестікте жүзеге асырылуда.
Баспасөз қызметі