Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да А.И. Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры дәріс оқыды

ШҚУ-да Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Л.В. Савельева мен ШҚУ Педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының доценті, п.ғ.к. Н.И. Бенеш «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» және «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандықтарының студенттеріне бастауыш сынып оқушыларының орфографиялық сауаттылығын қалыптастыру мәселесі бойынша ашық дәріс оқыды.

Сабақтың тақырыбы – "Бастауыш мектепте орфографиялық дағдыларды қалыптастыру".

Мақсаты – оқушыларда орфографиялық дағдылар жүйесін қалыптастыру процесінде сауатты жазудың сапасын және әдістемелік тәсілдердің ерекшеліктерін анықтайтын орфографиялық дағдылар жүйесін қарастыру.

Студенттер Ресей мемлекеттік педагогикалық университеті профессоры Лариса Владимировна Савельеваның авторлық әдістемелік жүйесімен танысуға мүмкіндік алды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo