Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да академиялық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті

 

Білім беру бағдарламалары басшыларының қатысуымен С. Аманжолов атындағы ШҚУ Академиялық кеңесінің кеңейтілген онлайн отырысы өтті.

Отырысты академиялық кеңестің төрағасы, академиялық мәселелер жөніндегі проректор, қауымдастырылған профессор Д. Ерболатұлы ашып, қашықтықтан оқыту жағдайында оқу процесінің сапасын қамтамасыз етудің, білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізудің, білім беру бағдарламалары реестріне енгізу үшін оларды уақтылы дайындаудың маңыздылығын атап өтті.

Университеттің академиялық кеңесінің күн тәртібіне сәйкес бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

«2020-2021 оқу жылына арналған ҚБТ қолдана отырып, оқу процесін жетілдіру бойынша ЖОО Жол картасына сәйкес қашықтықтан білім беру технологияларын іске асыру нәтижелері туралы» ақпаратпен қашықтықтан оқыту технологиясы бөлімінің бастығы А.И. Құдайбергенева сөз сөйледі. БББ әдістемелік қолдау бөлімімен ЖАОК әзірлеуге бірлескен конкурс ұйымдастырылып, өткізілді.

Білім беру бағдарламаларын әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің басшысы С.С. Оразованың ақпаратында іске асырылатын білім беру бағдарламаларын кешенді жаңарту және келесі 2021-2022 оқу жылына жаңартуға дайындық туралы деректер, жұмыс берушілердің ұсыныстары бойынша ЭПК енгізілген ұсынылған пәндерді талдау нәтижелері айтылды. Жаңа трендтік үрдістер мен жаңа кәсіптер базасын ескере отырып, инновациялық білім беру бағдарламаларын ашу ұсынылды.

«Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің сапаны қамтамасыз ету бойынша комиссия қызметінің нәтижелері туралы» факультет деканы М.Н. Мадияров комиссия жұмысы туралы толық ақпарат берді. Қашықтықтан оқыту шеңберінде комиссия білім беру бағдарламаларын әдістемелік қолдау бөлімімен бірлесіп порталдағы оқу контенті мазмұнының сапасына мониторинг жүргізілгені, сапаны жақсарту бойынша жасалған жұмыстар атап өтілді.

Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаменті бейресми білім беру нәтижелерін тану бойынша ереже әзірледі және ұсынды. Талқылау барысында академиялық кеңестің мүшесі, п.ғ.д., профессор А.К. Игібаева бейресми білім беру нәтижелерін тану критерийлері мен каталогын жасауды, академиялық кеңестің мүшесі, Экономика және құқық факультетінің деканы А.Г. Мұхамедиева күміс университетін құруды ұсынды.

«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамытудың мәселелері мен сұрақтары» туралы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі бастығының міндетін атқарушы Т.А. Абылайханова сөз сөйледі. Магистратураға түсу үшін бейіндік пәндер бойынша дайындық курсын ұйымдастыру және өткізу, дайындық бағыттары бойынша екі дипломды бағдарлама бойынша кемінде бір БББ ашу, академиялық ұтқырлық бойынша жұмысты күшейту ұсынылды.

Сондай-ақ, диплом жұмыстарын рәсімдеу бойынша әдістемелік нұсқаулықты қарастыру туралы мәселесі тыңдалды, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Д. Ерболатұлы диплом жобаларын дайындау және рецензиялауды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берді.

«Әр түрлі» бөлімінде білім беру бағдарламаларын әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің бастығы С.С. Оразованың «2020 жылға арналған ОӘӘ басып шығару жоспарының орындалуы және 2021 жылға арналған ОӘӘ басылымдарының жоспарын бекіту туралы», сондай-ақ университеттің академиялық кеңесінің сараптау комиссиясының төрағасы А.А. Әлімханның «ОӘӘ басып шығаруға ұсынымдар туралы» ақпараты тыңдалды.

Академиялық кеңес жұмысының қорытындысы бойынша оның мүшелері талқыланған мәселелер мен қашықтықтан оқыту жағдайында аралық аттестаттауды тиімді ұйымдастыру бойынша нақты ұсыныстар берді.

Университеттің академиялық кеңесі

 

Қазақ
× You found a Typo