ШҚУ-да академиялық мәселелер жөніндегі проректордың міндетін атқарушы мен Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрінде білім беру үдерісін ұйымдастыру бойынша 1 курс студенттерімен онлайн кездесулер өткізді.
2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрінде оқытудың аралас форматына көшуге байланысты академиялық мәселелер жөніндегі проректордың м.а. Д. Ерболатұлы және Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры А.К. Алипова 1 курс студенттерімен онлайн кездесулер өткізді.
Олар студенттерді оқыту форматымен, санитарлық-эпидемиологиялық режим регламентімен, сабақтар кестесімен, жатақханаға орналасу тәртібімен таныстырды.
Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаменті