Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да академиялық ұтқырлық бағдарламасының өрісі кеңеюде

Қазақстандық қазіргі білім беру жүйесі бәсекелестікке қабілетті адам капиталын қа­лыптастыруға негізделген. Сапалы білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сәтке толастамайтыны анық. Осы мақсатта ШҚУ-да оқытушылар мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығына ерекше көңіл бөлінген.

Академиялық ұтқырлық – отандық ғылым мен жоғары оқу орындарының халықаралық білім беру кеңістігіне кірігуін қамтамасыз ететін маңызды жайт. Қазір академиялық ұтқырлық тек әр елдегі ЖОО-лар арасындағы студент алмасуды ғана емес, ғылыми және мәдени әлеует, ресурс, оқыту технологиясымен алмасуды көздейді.

Осы бағдарлама бойынша Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Ажар Қожабаева, 2 курс студенттері Еркежан Мұхтарбекова мен Риза Шалхарова Петропавл қаласындағы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде білім алуды жалғастырып жатыр. Мамандық білімгерлері Zoom платформасында, университет порталында сабақтарға белсене қатысып, ұстаздармен де, группалас студенттермен де тез тіл табысып, өзара тәжірибе алмасып жатқандарына риза. Білім алушы-филологтар Қозыбаев университетінің оқытушыларымен қатар академиялық ұтқырлық бойынша М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті профессорларының да дәрістерін тыңдауда.

Жоғары магистрлік мектептің де 1 курс магистранттары Еркежан Аянова мен  Айсұлу Багитова Ақтөбе қаласындағы Бәйішев университетінде білім алып жатса, аталмыш оқу ордасының магистранттары Гүлназ Түгелбаева мен Назерке Тұрсынәлиева бізде оқып жатыр. Білімді өз бетінше зерделеуге, озық технологиялар мен инновациялардағы жаңалықтарды жүзеге асыруға  бейімделген  білім ордасының ұжымына ақтөбелік білім алушылардың алғысы шексіз.  Өр Алтайдағы үздік ЖОО орнында тәжірибе жинақтап жатқандарына да қуанышты.

Қ. Барбосынова,

мамандық эдвайзері

Қазақ
× You found a Typo