- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенттері куратор Айымгүл Қамзақызының ұйымдастыруымен Мұқағалидың 90 жылдығына орай әдеби танымдық әрі тағылымдық мақсатта «Жырымен жұртын тербеткен» кураторлық сағатын өткізді.
ZOOM платформасында өткен кураторлық сағат барысында Хантәңірінің мұзбалағы, «Ғасыр ақыны» – Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы жайында баяндама оқылып, поэзия әлеміндегі сүбелі туындылары мәнерімен жатқа айтылып, ақын туралы бейнебаян, слайдтар көрсетілді. Кеш қонағы ретінде университет кітапханасының қызметкері Сәуле Терлікбаева ақынның өлеңдер жинағымен, шығармашылығы жайында зерттеу еңбектерімен таныстырды.
Сондай-ақ, Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің тәрбие ісі жөніндегі кураторы Жаннета Калимолдина және аға куратор Гүлжанат Апышева шараға қатысты өз ризалықтарын білдіріп, сөз сөйледі. Осылайша студенттер мен қонақтар ерекше әсерлерімен бөлісіп, рухани бір серпіліп қалды.
Ә. Әлібекова, А. Толыбаева Қазақ,
орыс филологиясы және журналистика кафедрасы