Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да ақпараттық технологиялар бойынша республикалық қашықтық студенттік олимпиада өтті

19 сәуірде Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы ақпараттық технологиялар бойынша студенттік республикалық  қашықтық олимпиадасын өткізді. 

Олимпиада мақсаты АТ саласындағы білімі мен іскерлігі жоғары дарынды студенттерді анықтау және ынталандыру болды. Олимпиадаға республиканың түрлі жоғары оқу орындары мен колледждерінің АТ мамандықтарының 1-4 курс студенттерінен 16 адам қатысты. Олимпиада екі кезеңнен тұрды. Бірінші турда қатысушылар тест тапсырмаларын шешті, екінші турда алдын ала берілген тақырыптар бойынша web-жобаларын қорғады.

Қазылар алқасының құрамына PhD доктор, Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының доценті А. Тілебалдинова, ШҚО білім басқармасы Білім берудегі жаңа технологиялар орталығы директорының орынбасары Г. Нұрғалиева, магистр, Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы М. Карменова, сондай-ақ, С. Аманжолов атындағы ШҚУ Ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету және цифрландыру орталығының инженер-бағдарламашылары З. Хамитова мен А. Аққазин енді.

1 орынды А.Воробьев (А.Байтұрсынов атындағы Қостанай аймақтық университеті), 2 орынды А.Айтқазы (І. Жансүгіров атындағы университет), М.Синельников (Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті), 3 орынды Д.Балахнин (Шығыс Қазақстан технологиялық колледжі), Г.Қайролла (А.Байтұрсынов атындағы Қостанай аймақтық университеті), Б.Серғалиев (С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті) иеленді.

Олимпиаданы өткізуге қаржылық қолдау 2020 жылы «ЖОО үздік оқытушысы» атағының иегері – С.Аманжолов атындағы ШҚУ Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының доценті, PhD А.С.Тілебалдинова ұтқан гранты есебінен жүзеге асты.

Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo