С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті, кездесу барысында оқу орнының ректоры М.Ә.Төлеген жылдық есеп берді.
Транспаренттілік және ашықтық қағидаларын ұстана отырып, университет басшылығы студенттермен, оқытушылармен, ардагерлермен есеп беру кездесулерін өткізіп келеді.
Университет ардагерлерімен кезекті кездесу барысында С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры М.Ә.Төлеген өткен жылы не істелгенін айтып, өзгерістер мен одан арғы даму перспективалары туралы хабарлады.
Сонымен қатар, университет ректоры ғылыми, оқытушылық және қоғамдық жұмыстармен белсенді және жемісті айналысатын еңбек ардагерлеріне сыйлық сертификаттарын табыс етті.
Баспасөз қызметі