Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «АntiParaCraft-2021» квест-ойыны өтті

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті «NUR OTAN» партиясының ШҚО филиалымен бірлесіп, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «АntiParaCraft-2021» квест-ойынын өткізу жөніндегі бастамасын қолдады.

Квестті Экономика және құқық факультеті, сондай-ақ С. Аманжолов атындағы ШҚУ «SANALY URPAQ» студенттік клубы ұйымдастырды.

Ойын өткізудің мақсаты – студенттердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қатысты азаматтық ұстанымды қалыптастыру үшін қажетті құндылық ұстанымдарын тәрбиелеу және қабілеттерін дамыту.

Ағымдағы жылдың ақпан айында С. Аманжолов атындағы ШҚУ факультеттерінде құрылған квест-ойынның бірінші кезеңінде студенттер командалары студенттік өмірде кездесетін ситуациялық тақырыптарға бейнематериалдар дайындады.

Екінші кезеңде командалар бейнематериалдарда сипатталған жағдайларға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстар әзірледі.

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша 10 «адалдық капитаны» құрамында екі үздік команда іріктелді. Олар «АntiParaCraft-2021» финалдық ойынына қатысты.

Финалдық ойын аясында «адалдық капитандары» кейстік тапсырмаларды орындап, зияткерлік және шығармашылық тапсырмаларды шешіп, қозғалмалы ойындар ойнады.

«Адалдық капитандарының» жұмысын ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің, NUR OTAN партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының, «Jas Otan» жастар қанатының өкілдерінен, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттік активінен құралған сараптамалық қазылар алқасы бағалады.

Жарыс қорытындысы бойынша қазылар алқасы ауыспалы жүлде – «Адалдық кубогымен» марапатталған үздік команданы анықтады. 

Жарыс қорытындысы бойынша қазылар алқасы үздік "адалдық капитандарын" – "PARASAT" командасын анықтады. "PARASAT" командасы өтпелі "Адалдық кубогының" иегері атанды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Байділдин Жігер Еркінбекұлы және "NUR OTAN" партиясы ШҚОФ ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің меңгерушісі Краснобаева Нелли Леонидовна студенттерге қызықты ойын үшін алғыс айтып, жеңімпаздарды құттықтады.

«SANALY URPAQ» студенттік клубы

Қазақ
× You found a Typo