Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да астрономия курсы бойынша «Күн жүйесіндегі планеталар» тақырыбында ашық сабақ өтті

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында астрономия курсы бойынша «Күн жүйесіндегі планеталар» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Сабақты Физика кафедрасының аға оқытушысы, педагогикалық ғылымдарының магистрі Күлбаршын Иманжанова «физика-информатика» білім беру бағдарламасының 3 курс білім алушыларына өткізді.

Онлайн сабақ теориялық мәліметтерді практикалық зерттеумен сабақтастыру арқылы өтті. Тақырыпқа шолу жасалып, планеталар сипатталды. Аспан денелерінің массасын, өлшемдерін, пішінін және оларға дейінгі қашықтықты анықтау, Жер радиусын анықтау, Күннің жылдық көріну қозғалысын зерттеу, Айдың физикалық табиғатын объекті өлшемдері арқылы анықтау, Күннің белсендігілі мен сәулеленуін, шығуы мен батуындағы нүктелерін анықтау тақырыптары бойынша зерттеу жасалды. Сабақ әдістемелік жағынан жоғары бағаланды.

Ашық сабаққа қатысқан барлық әріптестеріміз бен білім алушыларымызға алғыс білдіреміз.

Физика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo