Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да аутистік спектрдің аурулары бар балалармен жұмыс істейтін мамандарға арналған біліктілікті арттыру курстары аяқталды

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың  «Зияткер» ғылыми-білім беру орталығы аутизмі бар балаларға арналған «Асыл Мирас» орталығымен бірге ұйымдастырған «Аутистік спектрдің аурулары бар балаларға білім беру және коррекциялық психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесі» курстары аяқталды.

12 сәуірден бастап күн сайын онлайн форматта аутистік спектрдің бұзылыстары бар балалармен жұмыс істейтін педагогтар мен мамандар үшін арнайы ұйымдастырылған біліктілікті арттыру курстарының сабақтары өтті.

Курстарға №2 арнайы мектеп-интернаттың (Алтай қ.) №15 орта мектептің (Өскемен қ.), №7 арнайы мектеп-интернаттың (Риддер қ.), №6 арнайы мектеп-интернаттың (Семей қ.), №8 орта мектептің (Өскемен қ.), Черемшанка орта мектебінің (Глубокое а.), №38 «Ласточка» бөбекжайының (Риддер қ.), «Үржар ауданының ППТК» КММ-нің, «Түс және жарық» арт-терапиялық студиясының (Семей қ.), №691 орта мектептің (Санкт-Петербор қ., Ресей) педагогтары, психологтары және дефектологтары қатысты.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo