Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде ай сайын «Айдың үздік қызметкері» байқауы өтеді. Конкурс қорытындысы бойынша әрбір үздік қызметкер көтермеленеді.
Қазанның үздік қызметкері – Жоғары колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Бибігүл Төлегенқызы Төлегенова.
Қараша айының үздік қызметкері болып өндірістік алаң меңгерушісінің міндетін атқарушы Тоқтарбек Жазылбайұлы Әлімжанов танылды.
Әріптестерімізді құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!